Не болды?
Тоғыз жыл бойы жаңармаған, қазір қолданыстағы мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзіне қарағанда, мектеп оқулықтарында 700-ден астам техникалық қате, стильдік кемшілік, дерек пен мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, ескірген әдіс-тәсілдер анықталды. Министр біршама оқулықтың ұлттық мазмұнға лайық емес екенін, тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пайымдамалар бар екенін айтты.
Кейінгі күндері баспалар мен азаматтардан мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемесін жаңарту мәселесіне қатысты түсініктеме беру жөнінде өтініштер келіп жатыр. Математика пәніндегі қате анықтамалар мен есеп шығару жолдары, оқу бағдарламасында көзделмеген шығармалардың енгізілуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр, — дейді министр.
9 жыл бойы мазмұны жаңармаған оқулықтар
Мектеп оқулықтарының сапасы жекелеген баспалардың ғана мәселесі емес кенін де атап өткім келеді. Бұл елдегі білім сапасына, демек балаларымыздың келешегіне тікелей ықпал ететін маңызды мәселе. Баланың қолына тиетін әрбір оқулық сапалы, мазмұны дәл, дерегі шынайы және уақыт талабына сай болуы керек, — дейді ол.
- 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар;
- 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сынып оқулықтары;
- 2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сынып оқулықтары жаңартылады.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2028 жылы 2 мен 6-класқа жаңа оқулықтар шығады.
