Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ұлытауда жалған жүргізуші куәлігін жасауға қатысы бар күдікті ұсталды

Фото: Еgov.kz

Не болды?

Ұлытау облысында жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алып беруге уәде етіп, азаматтарды алдаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Polisia.kz мәліметіне қарағанда, облыстық полиция департаменті алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Сәтбаев қаласының тұрғынын анықтаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, жүргізуші куәлігін қысқа мерзімде және емтихан тапсырмай рәсімдеп беретініне сендірген. Алайда қызметі үшін ақша алғаннан кейін байланысқа шықпай кеткен.

Қазір бұл іске байланысты 20-ға жуық жәбірленуші анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция жүргізуші куәлігін заңда белгіленген тәртіппен ғана алу керек екенін еске салды. Бұл үшін арнайы оқу курсынан өтіп, теория және практика емтиханын тапсырып, қажет құжатты ХКҚО арқылы рәсімдеу қажет.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді автомат көлікпен емтихан тапсырып, механика көлік айдауға болады.