Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Си Цзиньпин 7 жылдан кейін Солтүстік Кореяға барды

©Ria.ru

Не болды?

Қытай төрағасы Си Цзиньпин араға жеті жыл салып Солтүстік Кореяғaға ресми сапармен барды. Қытайдың ақпарат құралдарының мәліметінше, ол 8 маусым күні таңертең Бейжіңнен ұшып шығып, Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға жеткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Іссапарға Қытай көшбасшысымен бірге жұбайы Пен Лиюань, Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Цай Ци және Қытай сыртқы істер министрі Уаң И барды. Бұл Си Цзиньпиннің биыл алғашқы шетелге сапары.

Қытай басшысы соңғы рет Солтүстік Кореяда 2019 жылы болған. Биылғы сапар аясында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен жеке және ашық келіссөз өтеді.

Ким Чен Ын 2025 жылғы қыркүйекте Бейжіңге барып, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған әскери шеруге қатысқан еді. Бұл сапар барысында Ким Чен Ын бірқатар президентпен кездесті.

Сарапшылардың пікірінше, Си Цзиньпиннің Пхеньянға сапары Қытайдың аймақтағы ықпалын нығайтуға және Корей түбегіндегі қауіпсіздікті нақтылауға бағытталған. Сонымен қатар Бейжің Солтүстік Кореямен стратегиялық байланысын сақтай отырып, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын шектеуге қатысты келіссөз жүргізуі мүмкін.

Контекст

Естеріңізге салайық, Ким Чен Ын қызын ел басқаруға дайындап жатыр.