Не болды?
Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Рысқұлов көшесінде автобус жолағы салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың сөзіне қарағанда, әл-Фараби даңғылы, Рысқұлов, Тілендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтбаев, Өтеген батыр көшелері, Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) мен Солтүстік айналымда жаңа автобус жолағы салынады. Басқарма басшысы бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Қазір жолақтың ені — 3,75 мерт. Жолақ санын қысқартпаймыз, автобус жолағын енгізу үшін жолақтың енін тарылтамыз, — дейді басқарма басшысы Ержан Диханбаев.
Бұдан бөлек, әкімдік велсипед жолағының ұзындығын 87 шақырымнан 125,5 шақырымға дейін жеткізіп, шамамен 40 шақырым ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда автобус жүргізушілеріне апта сайын 800 шағым түскен.
