Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Үкімет Каспий теңізін қорғауға қаржы бөлді

Фото: Ult.kz
Үкімет резервінен Каспий теңізін зерттеуге және сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаржы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, теңізде мониториң жүргізуге арналған негізгі жабдықтар сатып алынып, гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханалар заманауи құралдармен жарақтандырылады. Бұл Каспий теңізінің Қазақстан секторында жүріп жатқан үдерістер бойынша ғылыми негізделген дерекқор қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институты халықаралық ғылыми қоғамдастықпен ықпалдастықты күшейтіп, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына мүше болды. Бұл тиімді экологиялық шараларды бірлесіп әзірлеуге жол ашады. Қаулыны іске асыру мақсатында экология және табиғи ресурстар министрлігіне қажет іс-шараларды қабылдау, ал қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция