Не болды?
World Boxing ұйымы боксшылар арасындағы жаңарған әлемдік рейтиңді жариялады. Жаңа тізімде еліміздің бірнеше спортшысы өз салмақ дәрежесінде көш бастады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, ерлер арасында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай рейтиңде бірінші сатыға жайғасқан.
Сонымен қатар Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және Нұрбек Оралбай үздік үштікке енді.Ер туған Зейнуллинов, Сұлтанбек Айбарұлы мен Сағындық Тоғамбай болса әлемнің үздік он боксшысының қатарына кірді.
Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова рейтиңді бастап тұр. Бұдан бөлек, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Надежда Рябец және Дина Исламбекова өз салмақ дәрежесінде үздік үштікке енген.
Әлемдік рейтиңде алғашқы ондықта Әйгерім Сәттібаева, Виктория Графеева, Бақыт Сейдіш, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан және Елдана Тәліпова да бар.
Контекст
Естеріңізге салайық, Бразилияда World Boxing ұйымдастырған Әлем кубогында Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді.
