Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

2050 жылға қарай әлемде онколог маман тапшы болуы мүмкін

Фото: Doctorate.ru

Не болды?

2050 жылға қарай әлемде онкология саласына шамамен 100 миллион маман жетпеуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мұндай болжам Америкада онкология саласы бойынша өтетін конференцияда таныстырылған The Lancet Oncology журналында жазылды.

Зерттеу авторларының мәліметінше, қатерлі ісікке шалдыққандар санының күрт артуы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсіріп отыр. Әсіресе медбикелер, радиологтар және патологоанатомдар секілді диагностика маманының тапшы екені байқалады. Салдарынан болашақта Африка мен Азия елдерінде жағдай ушығуы мүмкін.

Сарапшылардың есебі бойынша, қазіргі көрсеткіш өз қалпында қалса, 2050 жылға қарай онкология саласына 99,9 миллион қызметкер жетпеуі мүмкін. Оның ішінде ғылыми зерттеумен айналысатын, науқаспен тікелей жұмыс істейтін медицина мамандары бар.

Кадр тапшылығы барлық елге әсер етеді деп болжанды. Бұған себеп табысы төмен және орташа мемлекеттерде білікті мамандардың шетелге көшуі болса, дамыған елдерде медицина қызметкерлерінің кәсіби күйзелісі мен қаржының қысқаруы.

Болжам бойынша, 25 жылда әлемде 65 миллионнан астам медбике және 16 миллионға жуық диагностика саласының маманы қажет болады.

Болжам: Қатерлі ісікке шалдыққан адам саны да артады

Сонымен қатар ғалымдар қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың да саны артуы мүмкін екенін айты. Егер 2022 жылы әлемде 20 миллион адамға онкология диагнозы қойылса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 35,3 миллионға жетуі мүмкін. Жыл сайын қатерлі ісіктен қаза болғандар саны 18,5 миллион адамға дейін өседі деп болжанды.

Мамандардың айтуынша, онкология саласындағы кадр тапшылығы науқастың емделуін қиындатып қана қоймай, қатерлі ісікке қарсы жаңа зерттеулердің дамуын да тежейді. Сондықтан әлем елдері медицина кадрларын даярлап, цифрлық технология мен жасанды интеллектіні игеріп, тұрақты қаржыландыруға дайын болуы қажет.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі әзірленіп жатыр.