Басты бет / Жаңалықтар /
Алтын белгі түлектер
Фото: Алматы әкімдігі

Мектеп түлектеріне мейрамханада кеш өткізуге тыйым салынды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімдерін өткізу тәртібіне қатысты ескерту жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрдің айтуынша, 17–18 маусым күндері 11-класс түлектеріне арналған аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтеді. Алайда бұл іс-шаралар тек мектеп қабырғасында ұйымдастырылуға тиіс.

Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды, – деді Жұлдыз Сүлейменова үкімет отырысында.

Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, бітіру кештерін өткізу мәселесі әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының бақылауында болады.

Министрлік мектеп түлектерінің қауіпсіздігі мен ата-аналарға артық қаржылық салмақ түсірмеу мәселесіне ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram