Басты бет / Жаңалықтар /
Астана қаласы Орынбор көшесі
Фото: Астана әкімдігі

Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады

Не болды?

25–29 мамыр аралығында Астанада уақытша қауіпсіздік шаралары күшейеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекеттік күзет қызметінің хабарлауынша, Ресей президентінің мемлекеттік сапары мен жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына байланысты елордадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар Қазақстан қарулы күштерінің техникасы мен авиациясы пайдаланылады. Қала тұрғындары мен қонақтары Астана аспанында қорғаныс министрлігінің әскери ұшақтарын көре алады.

Мемлекеттік күзет қызметі азаматтарды уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Контекст

Естеріңізге салайық, Ресей президенті Владимир Путиннің 27 мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен келетіні хабарланды. 

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram