Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин.
Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Akorda.kz

Путин 27 мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин 27–29 мамыр күндері Астанаға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорда мәліметінше, келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

28 мамыр күні Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Ал 29 мамырда президенттердің қатысуымен Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook