Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда нотариустар...

Қазақстанда нотариустар қажет болмай қалады — Әділет министрі

«Бүгiн нотариустар бiр-бiрiмен өзара бәсекелес. Қазiргi таңда әдiлет органдары неге нотариустарды жиi тексермейдi? Себебi, технологиялардың дамуы мен е-нотариаттың енгiзiлуiне байланысты бұрынғыдай жиi тексерудiң қажетi жоқ. Яғни, барлығын электрондық жүйеден қарап алуға болады. Орталық серверде тiркелмеген нотариалдық әрекеттер күшiне енбейдi. Жеке пiкiрiмдi айтсам, мен Қазақстанда нотариалдық қызмет азайып барады деп ойлаймын. Нотариустар ренжiмесiн, бiрақ бұдан қашып құтыла алмаймыз. Технологиялардың дамуына байланысты нотариалдық қызмет те азая бередi. Жалпы, нотариалдық қызмет дегенiмiз не? Ол қандай да бiр оқиғалар мен фактiлердi куәландыру, растау. Ал қазiр нотариусты шақырғаннан видео түсiре салған арзан. Бұндай технологиялар одан әрi дами бередi. Бiздiң азаматтық-құқықтық айналымда технологиялар одан әрi көп пайдаланыла бермек», — дедi ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Оның айтуы бойынша, қазiргi таңда елiмiзде көптеген рәсiмдер жеңiлдетiлдi. Бүгiнгi күнi құжат көшiрмелерi мен басқа әрекеттердi нотариалдық растау бұрынғыдай жиi талап етiлмейдi.

«Менiң ойымша, бүкiл әлемде нотариалдық қызмет көлемi азайып барады», — деді Әділет министрі.

ДереккөзBaq.kz