Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда автобус жүргізушілеріне апта сайын 800 шағым түседі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Алматыда автобус жүргізушілеріне апта сайын 800 шағым түседі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы әкімдігінің мәліметінше, автобус жүргізушілеріне апта сайын 800 шағым түседі. Қала тұрғындары 300 өтінішті Open Almaty арқылы, ал 400-ін e-Otinish жүйесі арқылы жолдаған. Олар автобусты ұзақ күтетінін, салон тазалығы сақталмайтынын, кондиционердің қосылмайтынын, жүргізушілердің әдепсіз әрекетін айтып, шағымданып отыр. Енді әкімдік бақылауды күшейтіп, автобустар мен жүргізушілерді күнде тексереді.

Жолаушылар көлігі мен жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың сөзіне қарағанда, билік автобус жолақының бағасын емес, тасымал сапасы мен жүргізушілердің тәртібіне назар аударуды жоспарлап отыр.

Біз тұрғындардың өтінішін күнде Open Almaty, e-Otinish, әлеуметтік желі мен басқа да ресми арналарда бақылаймыз. Заңбұзу әрекеті бойынша жүргізушілерге шара қабылданады, — дейді Ержан Диханбаев.

Пилоттық жоба басталғалы бері 989 автобустағы заңбұзу әрекеті тіркелді. Басқарма рөлде ұялы телефон пайдаланып, аялдамаға тоқтамай, жолаушыдан қолма-қол ақша қабылдап, билет бермеген жүргізушілерді анықтады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда сәуір айынан бастап төрт автобустың бағыты уақытша өзгерген еді.