Не болды?
Қытайдың Qingdao Wanlin компаниясы Түркістанда жаңа аквапарк кешенінің құрылысын бастады. Нысан Орталық Азиядағы ең ірі демалыс кешеніне айналады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, заманауи туризм кешенінің аумағы — 12 гектар. Жоба аясында су аттракционы бар аквапарк, кемпиң нұсқадағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залы бой көтереді.
Аквапарктың басты ерекшелігі – төрт мезгілге бейімделген инфрақұрылым болатыны. Жаз маусымында су айдынына айналатын аумақ қыс мезгілінде картиң алаңы болады. Нәтижесінде кешен жыл бойы демалушыларды қабылдай алады.
Жобаны іске асыру талқысы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай инвесторлары арасындағы келіссөзде жүрді. Өңір әкімдігі жаңа кешен Түркістанның туризм әлеуетін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп отыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, мамыр айының басында облыс әкімдігі капсулалы демалыс орнының салынып жатқанын хабарлады. Жоба құны – 1 миллиард теңге.
