1 млрд теңге: Түркістан облысында капсулалы демалыс орны салынып жатыр

Не болды?

Түркістан облысында 1 миллиард теңгеге капсулалы демалыс орны салынып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында заманауи капсулалық демалыс орны салынып жатыр. «Хантау» демалыс аймағын құру жобасы туризмді дамытып, тау бөктеріндегі өңірдің көркін арттыруға бағытталған. Жоба құны — 1 миллиард теңге.

Бұл демалыс аймағы бір мезетте 200-ден астам адамды қабылдай алады. Әкімдік ай сайын 20 мыңға жуық туриске қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда 2026 жылғы наурыздағы есеп бойынша демалыс орындарының бағасы 13,2% өскен.