Ақтауда полиция қызметтік автокөлігі 1,5 жастағы бүлдіршінді қағып кетіп, бала қаза болды. Қайғылы оқиға 13 мамыр күні 27-шағынауданда болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаға байланысты жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.
Полиция марқұм баланың туыстарына көңіл айтты.
