Биыл 44 бала терезен құлап, 4 бала қаза болды

Не болды?

Биыл 44 бала терезен құлап, оның төртеуі қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2026 жылғы үш айда 44 бала терезеден құлап кеткен. Оның ішінде төрт бүлдіршін, Астанада үш бала, Маңғыстау облысында бір бала қаза болды.

Жазатайым оқиға жиі тіркелген қалалар:

  • Атырау облысында — 13;
  • Маңғыстау облысында — 4;
  • Астанада — 8 бала терезеден, биіктен құлап кеткен.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді көпқабатты пәтердің терезесі ашық қалса, ата-аналар 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл төлеуі немесе 10 тәулікке дейін қамаққа алынуы мүмкін.