Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Пәтердің терезесі ашық қалса, ата-ана айыппұл төлейді

Фото: Vestivrn.ru

Не болды?

Енді балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналар 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл төлеуі немесе 10 тәулікке дейін қамаққа алынуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, кейінгі үш айда 8 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды. Негізгі себеп – ересектер тарапынан бақылаудың болмауы. Баланы қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдыру қайғылы салдарға әкеледі.

Ашық терезелер мен жалған түрде қауіпсіздік сезімін қалыптастыратын москиттік торлардың болуы ерекше қауіп төндіреді. Ондай тор баланың салмағына есептелмегенін, баланы ұстап қала алмайтынын естен шығармаған жөн, — делінген хабарламада.

Ата-ана не істей алады?

Бас прокуратура ата-аналарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:

  • кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезе маңына жиһаз қоймаңыз;
  • терезелерге арнайы блокираторлар мен шектеуіштер орнатыңыз;
  • балаға өз бетінше терезе алдына мінуге жол бермеңіз.