Не болды?
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді. Осыған байланысты Ақтөбеде жылыту маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Әкімдік мәліметіне қарағанда, бұл қаладағы жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын сақтау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған уақытша шешім.
Жылыту маусымы 20 сәуір — тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарда, 28 сәуір — әлеуметтік нысандарда кезең-кезеңімен өшіріледі.
Контекст
Естеріңізге салайық, Шымкент қаласында 2025-2026 жылғы жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталды.
