1 қазаннан бері Алматының тұрғын үй секторларында 38 өрт тіркелді. Көбіне жылыту жабдықтары мен пеш ақауынан және алкогольдік ішімдіктің кесірінен болған.
Мектептер мен ауруханалардың 10%-тен астамы жылыту маусымына дайын емес. Жалпы білім беру нысандарының дайындығы 88%, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 87% болды.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен қалада жылыту маусымының аяқталуы, сонымен қатар алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бастау мәселесіне арналған жұмыс кеңесі өтті.