Не болды?
Сенатор Амангелді Нұғманов зейнетке жасқа емес, еңбек өтіліне қарай шығып, зейнетақы алуды ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сенатор бұл ұсынысын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Оның айтуына қарағанда, жаңа конституцияға байланысты зейнетақы жүйесін қайта қарау керек. Адамдардың еңбек өтілі, еңбекке қабілеті және нарықтағы жағдайлар ескерілуге тиіс. Мұндай өзгеріс елдегі жұмыссыздықты азайтып, зейнетақы қорына түсетін жүктемені жеңілдетеді.
Қазір әскери, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне арналған жеке жүйелер бар. Олар өзіне ыңғайлы уақытта зейнетке шыға алады. Алайда кейбір созылмалы ауруы бар немесе кәсіби аурудан зардап шегетіндер зейнетақыға уақытынан бұрын шыға алмайды, — дейді Амангелді Нұғманов.
Сенатор жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Оған мемлекеттік органдар, ғылыми сарапшылар, кәсіподақтар және азаматтық қоғам мүшелері қатысуы керек екені айтылды.
Контекст
БЖЗҚ айына 311 мың теңге зейнетақы алу үшін не істеу керек екенін түсіндірді.
