Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

FIFA Series: «Қазақстан» «Комор аралдарын» 1:0 есебімен жеңді

Фото: Instagram/ kff_team

Не болды?

31 наурызда FIFA Series 2026 турнирі аясында Қазақстан мен Комор аралдары кездесті. «Қазақстан» ұлттық құрамасы қарсыласын 1:0 есебімен жеңді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстан құрамасынан жеңіс әкелген голды Рамазан Ораз соққан.

Ұлттық құрама турнир барысында екі матч өткізді. Олардың екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы матчта Намибия футбол құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, кеше Комор аралдарын 1:0 есебімен ұтты. Осылайша, FIFA рейтиңінде екі саты жоғарылап, 1182,96 ұпаймен 112-орынға көтерілді.

Біп айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы тұңғыш рет трофей алып отыр.

Анықтама

FIFA Series 2026 турнирі — түрлі құрамаға тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін FIFA-ның жаңа жобасы.

Контекст

Естеріңізіге салайық, FIFA Series 2026 турнирі аясында «Қазақстан» «Намибияны» 2:0 есебімен жеңген еді.