24 мамырға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік-батыстағы кей жерлерде тұман байқалады.

Павлодар облысында жел 15-20 м\с, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады.

Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да найзағай ойнайды.

Алматы облысында жел 17-22 м/с болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

ДереккөзBaq.kz