Кеген ауданында шаңғышылар бір уақытта дауыс берді

Бүгін Кеген ауданында шаңғы спортымен айналысатын спортшылар І.Жұмағұлов атындағы орта мектебінің ғимаратындағы №568 референдум учаскесіне арнайы келіп, бір уақытта дауыс берді.

Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтындарын көрсетті.

Спортшылар маңызды қоғамдық-саяси шарадан тыс қалмай, белсенділік танытты. Аудан шаңғышылары жастарға үлгі болып, барша тұрғындарды ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Еліміздің болашағы үшін әр дауыс маңызды!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да