Не болды?
Орталық референдум комиссиясы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12:00-ге дейін азаматтардың 37,54 %-ы дауыс бергенін мәлімдеді.
Мәлімет
Елдегі жалпы дауыс берушілердің саны – 12 461 796 адам. Соның ішінде 4 677 595 адам референдумда өз дауысын берген.
- Абай облысы бойынша – 41,93 %,
- Ақмола облысы бойынша – 44,66 %,
- Ақтөбе облысы бойынша – 45,73 %,
- Алматы облысы бойынша – 40,41 %,
- Атырау облысы бойынша – 42,29 %,
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,59 %,
- Жамбыл облысы бойынша – 35,86 %,
- Жетісу облысы бойынша – 43,32 %,
- Қарағанды облысы бойынша – 42,95 %,
- Қостанай облысы бойынша – 37,10 %,
- Қызылорда облысы бойынша – 43,18 %,
- Маңғыстау облысы бойынша – 34,57 %,
- Павлодар облысы бойынша – 36,57 %,
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 41,64 %,
- Түркістан облысы бойынша – 44,13 %,
- Ұлытау облысы бойынша – 36,59 %,
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 42,88 %,
- Астана қаласы бойынша – 31,23 %,
- Алматы қаласы бойынша – 14,85 %,
- Шымкент қаласы бойынша – 42,59 %.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат 14.00-де жарияланады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді.
Алматыдағы №361 сайлау учаскесінде отбасыларды қуыршақ театры қарсы алды.
