Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Не болды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Астанадағы оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берген.

Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандығына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан кейін президент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да