Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты құттықтады

Не болды?

Ербол Хамитов 2026 жылғы Милан–Кортина қысқы паралимпиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортшыны құттықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ақорданың ақпаратына қарағанда, президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.

Ақпарат

Бұл жеңіс — ел тарихындағы пара биатлоннан алынған алғашқы алтын медаль.

Қазақстан құрама командасының туын ұстап шыққан Ербол Хамитов бұған дейін шаңғы жарысынан паралимпиаданың қола жүлдегері атанған еді. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да