Не болды?
Мемлекет басшысы асыл тұқымды мал шаруашылығы және омарташылыққа қатысты кей заңнама актісін өзгертіп, жаңа заңға қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Құжатқа омарташылық саласына қатысты бірқатар жаңа ұғым енді. Олардың қатарында аталық «ара (трутень)», «бал», «аралардың ұялы пакеті», «ара ұясы», «ара тұқымы», «балауыз негізі (вощина)», «ара отбасы», «омарташылық өнімдері», «оқшауланған шағылыстыру пункті», «омарта» және «омартаның ветеринарлық паспорты» бар.
Омарталарды есепке алу және емдеу-профилактика шарасын жүргізу мақсатында әрбір омартаға нысан бойынша омартаның ветеринарлық паспортын береді.
Сонымен қатар Қазақстан аумағында араның барлық тұқымын біріктіретін бір республикалық палата құрылады.
Құжатта асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнаманың мақсаты саланың тиімді, бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау екені де айтылған.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнама
• осы саладағы қызметті реттейді;
• өнімді есепке алуды бақылайды;
• мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
• селекция және асылдандыруды ұйымдастырып, дамытады, сонымен қатар селекцияның заманауи әдісі қолданысқа енеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнаманың қағидаты:
• асыл тұқымды жануарларды, оның ішінде генетика қоры шектеулі тұқымдардың генофондын сақтау;
• есептің дұрыс болуы қамтамасыз ету;
• асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын ғылыми сүйемелдеу.
Заң 20 тамыздан бастап қолданысқа енеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ауғанстан еліміздегі Small мен Magnum-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді.
