Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әзербайжанда су астындағы мұнай құбыры зақымданып, Каспий теңізі ластанды

Фото: Аzertag

Не болды?

Әзербайжандағы Дүбәнди жағажайының маңынан құбырдан мұнай ағып, Каспий теңізінің бір бөлігі ластанды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мамандар Пираллахи аралы мен Дүбәнди кенті аралығындағы акваторияны кеме мен тікұшақ арқылы тексеріп, мұнайдың теңізге төгілгенін растады. Зерттеу нәтижесінде ластануға «Азнефтьке» тиесілі суасты мұнай құбырының зақымдануы себеп болғаны белгілі болды.

Ақау анықталған соң құбыр арқылы мұнай тасымалы бірден тоқтады. Жағдайды бақылау үшін жедел штаб құрылды. Суасты тексеруі кезінде құбырдан механикалық зақым анықталды. Мамандар құбырдың кеме зәкірінен зақымдануы мүмкін екенін айтты.

Қазіргі бүлінген аумақ қалпына келтіріліп жатыр. Жөндеу аяқталғанға дейін құбыр қолданылмайды. Сонымен қатар төтенше жағдай министрлігі мен «Азнефть» мамандары теңіз акваториясы мен жағалау аумағын мұнай қалдығынан тазартуды қолға алған.

Контекст

Естеріңізге салайық, мұнай өнімінің заңсыз тасымалына қарсы бақылау қатаңдады

Мақалаға реакция