Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ербол Хамитов қысқы паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Италияда өтіп жатқан қысқы паралимпиада ойындарында қазақ спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

Алтын қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.

Бұл — Қазақстанның 2026 жылғы қысқы паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі.