Басты бет / Жаңалықтар /
Ауа райы, күн ашық
Фото: Markinternational.info

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жаууы ықтимал, тек оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашынсыз.

Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ күтіледі. Тұман түсуі де мүмкін.

Ақмола облысында жел екпіні – секундына 15-20, күндіз 25 м/с-ге дейін жетеді.

СҚО-да жел күші – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ге дейін жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Маңғыстау, Қостанай облыстарында тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ күтіледі.

Алматы мен Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде күн қатты ысуы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз