Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Мереке күндері ХҚО-лар жұмыс істей ме?

Фото: ХҚКО
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс кестесін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мекеме мәліметінше, 8 және 9 наурыз күндері барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар, соның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.

Наурыз мейрамына орай 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері де ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар үшін демалыс күні болады.

25 наурыз, сәрсенбі күні кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, мереке күндерінен тыс уақытта барлық ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан, Instagram-парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.