Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Көмекке дайынбыз». Тоқаев Араб елдерінің басшыларына хат жолдады

Фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына хат жолдады. Ол осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияртың мәліметінше, мемлекет басшысы хатында достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін барлық әскери әрекетті батыл айыптайтынын айтқан.

Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды, – деп жазылған хатта.

Президент араб елдеріне көмектесуге дайын екенін жеткізіп, болашақта тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына ниет білдірді.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасады. Трамп Иранды ядролық бағдарламасын дамытып жатыр деп айыптап, елдің ракета өнеркәсібін жою ниеті барын да жеткізді. Әуе шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза болды.

Иран АҚШ пен Израильдің өз аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде Израильге ондаған зымыран жіберді. Мемлекеттік ақпарат құралдары аятолла Әли Хаменеиді Тегерандағы өз резиденциясында өлтірді деп таратты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстандағы барлық күш құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне ауыстырылды.