Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда күштік құрылымдар тәулік бойы жұмысқа көшті

Фото: Ақорда
Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстандағы барлық күш құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне ауыстырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониториң тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасады. Трамп Иранды ядролық бағдарламасын дамытып жатыр деп айыптап, елдің ракета өнеркәсібін жою ниеті барын да жеткізді. Әуе шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза болды.

Иран мемлекеттік ақпарат құралдары аятолла Әли Хаменеиді Тегерандағы өз резиденциясында өлтірді деп таратты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.