Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза болды

Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Алматы тауларында бірнеше турист қар астында қалып қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ТЖМ мәліметінше, Алматы тауларында Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте төрт адамнан тұратын екі турист қар астында калып қойды. Олардың біреуі өздігінен шыға алды.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қардың астынан қаза болған адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді, – делінген хабарламада.