Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда Гиннеске ұсынатын 110 метрлік сырмақ тігіліп жатыр

Фото: Depositphotos.com
Алматының Бостандық ауданында ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды мәдени жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақты дайындауға кірісті. Жоба нәтижесі Guinness World Records кітабына тіркеуге ұсынылады.

«Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы
Фото: Алматы әкімдігі

Сырмақ дәстүрлі басу және тігу технологияларын сақтай отырып, толықтай қолмен жасалып жатыр. Шеберлер қазақы ою-өрнектің классикалық үлгілерін пайдаланып, әр бөлігінде ұлттық нақыш пен терең мағынаны бейнелеп жатыр. Бұйымның әр өрнегінен ұрпақ сабақтастығы, қолөнерге деген құрмет және ата-баба мұрасын сақтау идеясы айқын көрінеді. Бұл бастама ауқымымен ғана емес, мазмұндық мәнімен де ерекшеленеді. Жоба ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеуге, аға буынның қоғамдағы рөлін нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпаққа кеңінен насихаттауға бағытталған, — делінген хабарламада.

Сырмақты аяқтау 21 наурыз — Наурыз мейрамына жоспарланған.