Наурыз – қастерлі мейрам. Бұл күні көне дәстүр жаңғырып, ұлттық киім ұлықталады. Осы күндері ерлер сәнді шапанын киіп, әйелдер әдемі әшекейін тағып қалаға шығады.
Baribar.kz тілшілері Алматы тұрғындарымен сөйлесіп, ұлттық киімнің маңызы мен бағасы туралы сұрады.

Алматыда тұрғындардың көп жүретін жері – Арбат. Фототілші Бақдәулет екеуіміз 98-ші автобусқа отырып Арбатқа жол тарттық. Мақсат – Алматы тұрғындарының Наурыз қарсаңында қандай ұлттық киім киіп жүргенін көру. Тұрғындардан ұлттық киімнің сапасы мен бағасы туралы да сұрағымыз келеді.

Арбатқа іңірде жеттік. Ұлттық киім киіп, көзімізге түскен алғашқы адам – Бауыржан Жұрқабаев. Ақсақал 64 жаста. Ә дегеннен ұлттық киімнің сапасы нашар екеніне, бағасы қымбат екеніне тоқталды.

Бауыржан Жұрқабаев, ата, наурыз, ұлттық киім
Бауыржан Жұрқабаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Үстіме кигенім шапан, басымда бөрік, аяғымда хром етік. Негізі бұл киімдерді жиі киюге тырысамын. Мысалы, мына хром етікті қыстай кидім. Бөрікті де Шымбұлаққа, Алмаарасанға киіп бардым. Елдер таңғалады. Бірақ мына шапанның сапасы нашар. Тойда берілген шапан ғой. Жаңа бір дүкенге кірдім. Бір шапанның бағасы 70 мың теңге дейді. Бұл өте қымбат қой. Осы киімдерді сапалы тігіп, бағасын қалта көтеретіндей етіп қойса, Құдайдың құтты күні киер едім, – дейді қария.

Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. Шекелік таққан қыз.
Арбат, Алматы. Шекелік таққан қыз. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Сағат — 18:00. Кеш батты. Көп сурет түсіріп үлгермедік. Фотограф жақсы сурет шығуы үшін күннің жарығы керек екенін айтты. Сөйтіп ертең қайтып келеміз деп келістік.

Ертеңгі күн. Сағат — 12:00. Мұхтар Әуезов театрының аялдамасында тұрған сәтте ұлттық киім киген бір топ адамды көзім шалды. Бұл Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері екен. Фоторепортаж жасап жүргенімізді айтып, фотоға түсіруге рұқсат сұрадық. Ол кісілер қуана-қуана келісті. Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкері Перизат Ахметқалиқызы ұлттық киімнің сапасы мен бағасына қатысты пікір білдірді.

Ұлттық киім жастардың ойын өзгертіп, ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Өз басым, қазақтың ұлттық киімін киген адам көрсем қуанамын. Себебі ұлттық киім кию арқылы әр бала өзінің кім екенін түсінеді. Ал ұлттық киімнің бағасы туралы айтқанда, сапасын да ұмытпауымыз қажет. Сапасы төмен киім, әрине, арзан болады. Мысалы, үстімдегі киімді құдалықта берді. Ұлттық киімдерді күнделікті киюге ыңғайлы етіп заманауи үлгіде тіксе, қуана-қуана алар едім, – дейді ол.

Перизат Ахметқалиқызы, Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкері
Перизат Ахметқалиқызы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері
Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері
Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері
Қазақ мемлекеттік циркінің қызметкерлері. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Цирк қызметкерлерімен қоштасып, Арбатқа аттандық. Арбатқа жеткен сәтте қызыл күртеше киген бозбала көзге ерекше түсті. Біз ғана емес, басқалар да осы қызыл күртешеге қызыға қарайтын сияқты. Бұл ерекше киімді киіп жүрген жігіттің есімі — Олжас. Ол бұл күртешені арнайы Наурыз мейрамына алған. Қошқармүйіз оюы бар күртешені табу оңайға соқпағанын айтады.

Этно-стильдегі киім іздегенде базарға бардым. Базарда көп киім орта буынға арналған екен. Менің атам, әкем киетін шапандар. Ол киімдерді кигім келмеді. Заманауи, жастар киетін ұлттық киім іздедім. Осылай, үстімдегі киімді таптым. Бұл күртеше қазақтың ұлттық оюларымен өрнектелген. Мысалы, күртешеде қолмен тігілген қошқармүйіз оюы бар, – дейді Олжас Павлик.

Оның сөзіне қарағанда, заманауи стильде жасалған ұлттық киімдер тым қымбат.

Шыны керек, бұл күртешені Наурыз мейрамына байланысты алдым. Ұлттық киімді бірінші рет алып тұрмын. Ерекше көзге түсетіндей қызыл түсін таңдадым. Бұл киімнің бағасы — 40 мың теңге. Осы күртешені алған дүкенде 100 мыңға да этно-стильдегі киімдер бар. Бұл қарапайым адамға өте тиімсіз баға. Менің ойымша, қалта көтеретін бағада күнделікті киюге ыңғайлы этно-стильдегі киімдер шығару керек, — дейді ол.

Олжас Павлик, студент.
Олжас Павлик, студент. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Олжас Павлик, студент, ұлттық киім
Олжас Павлик, студент. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Арбатта Айша деген қызбен де таныстық. Ол 16 жаста. Айша ұлттық элементтері бар киімді Наурыз айында ғана киетінін айтады.

Менің маңдайымда таққан әшекей – шекелік. Үстіме қазіргі кезге сай жасалған, ою-өрнегі бар корсет кидім. Менің ойымша, қазақтың ескі киімдерін қазіргі сәнге сәйкестендіру қажет. Осылай, жастар ұлттық киімге қызыға бастайды. Маған ұлттық киімдер ұнайды. Бірақ, шынымды айтсам, бұл киімдерді Наурызда ғана киемін, – дейді Айша Түсіпова.

Айша Түсіпова, оқушы.
Айша Түсіпова, оқушы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат. Алматы. 147 гимназия оқушылары.
Арбат. Алматы. 147 гимназия оқушылары. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. 147 гимназия оқушылары.
Арбат, Алматы. 147 гимназия оқушылары. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Түрлі сурет түсіріп, қайтуға дайындалып жатқан сәтте «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің журналистерін көріп қалдық. Ол кісілер де ұлттық киім киіп, Арбатта жүр екен. «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Қарагөз Сімәділмен әңгімелесе кеттік. Журналист ұлттық нақыштағы шапандарды жылдың барлық мезгілінде киеді екен.

Шынымды айтсам, ұлттық шапанды жыл мезгілдерінің бәрінде киемін. Мәселен осы шапанымды Бакуге киіп барғанда бірнеше адам тоқтатып, «Сіздер осы киімді күнделікті өмірде киесіздер ме?» деп сұрады. Меніңше, шапан ыңғайлы болса, барлық адам күнделікті киеді, – дейді ол.

Қарагөз Сімәділден әшекейлері туралы да сұрадық.

Бір рет Маңғыстаудағы зергерге таза күмістен тұмарша, сырға жасаттым. Бірақ таза күміс өте ауыр екен. Өкінішке қарай, қазір тағып жүрген жоқпын. Сол тұмарша мен сырғаны анда-санда ғана тағамын. Осындай себептерге байланысты күнделікті өмірде базарда сататын жеңіл әшекей тағуға тура келеді. Мұндай әшекейлердің ерекше нақышы болмайды. Бірақ күнделікті тағуға қолайлысы осы дүниелер болып тұр,  –  дейді ол.

Қарагөз Сімәділ, журналист.
Қарагөз Сімәділ, журналист. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Қазақ газеттерінің» Алматы басылымдарының басшысы Думан Анаш ұлттық киімдерді Наурызда ғана емес, күнделікті киіп жүрген дұрыс дейді.

Әр елге барғанда салты мен дәстүрі көрініп тұрады. Сырттан келген адамдар қазақ жеріне келгенін білуі керек. Біздің елдің ерекшелігін білдіретін маңызды атрибут – ұлттық киім. Негізі ертеде ұлттық киім барлық салаға өте ыңғайлы болған. Киім тігумен айналысатын шеберлер осы нәрсені ескеруі керек деп ойлаймын, — дейді ол.

Думан Анаш
Думан Анаш. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Думан мырзаның үстіне кигені — кеңсеге киюге арналған шапан. Көшеге де киюге болады.

Осы шапанды кезінде қазақтың мырзалары, жас жігіттері киген. Қазір кеңсе жұмысы көп болған соң, бұл шапанды сыйға да тартып жатады. Мен өзім бірнеше азаматқа сыйладым. Кеңсеге киюге ыңғайлы, — дейді ол.

Арбат, Алматы.
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Арбат, Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz