Астана әуежайында екінші ұшып-қону жолағы салынады

Астана халықаралық әуежайында екінші ұшып-қону жолағының құрылысы басталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, оны іске қосу 20 жыл бойы жөндеу көрмеген бірінші жолақты жаңғырту жұмысына кірісуге мүмкіндік береді.

Бұл Астана әуежайының өткізу қабілетін төрт есе арттырып, 40 миллион жолаушыға дейін жеткізеді, — деді премьер-министр үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, шілдеде Алматы әуежайының ішкі терминалын күрделі жөндеу жұмысы аяқталады. Өткізу қабілеті 14 миллион жолаушыдан 19 миллионға дейін артады. Ұшып-қону жолағын жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмысы басталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да