Алдағы күндері оңтүстікте 17 градус жылы болады

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің бірінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

5-6 ақпанда жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман, боран және екпінді желдің болуы ықтимал. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда күндізгі температура 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін көтеріледі, оңтүстікте – 8-17 градус жылу, оңтүстік-шығыста – 5-15 градус жылу байқалады. Кезеңнің соңында солтүстік-батыстан суық ауа массаларының келуімен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да