ҰҚК OrdaMed басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жариялады. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары хабарлап отыр.
Еркін Ділімбетов 2026 жылғы 28 қаңтардан бастап ресми түрде іздестіріліп жатыр. Ал іздестіру ісі Астанада тіркелген. Іздестіруді ҚР ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізеді.

Еске салайық, ҰҚК-ге қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі OrdaMed АҚ-ның заңсыз әрекеттерін әшкерелеген.
Тергеу деректеріне сәйкес, компания мемлекеттік емдеу мекемелеріне 28 медициналық жабдықты жеңілдетілген шарттармен жеткізген. Аталған өнімдер құжат жүзінде «отандық тауар» ретінде көрсетіліп, сол үшін мемлекеттен арнайы преференциялар алған. Алайда іс жүзінде бұл медициналық жабдықтар шетелден дайын күйінде импортталғаны анықталды. Заңсыз схема салдарынан мемлекетке 4,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген.
