Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қаза болды

Алматыда №92 автобус жүргізушісі қызмет барысында кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 25 қаңтар күні сағат 14:35-те Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында болған.

Автобус бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған сәтте жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлаған. Сол кезде жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп, тежегішті басып, жол-көлік оқиғасының алдын алды, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел медициналық көмек шақырылғанымен, 55 жастағы жүргізушіні аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала диагноз – жедел миокард инфарктісі.

Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келді. Автобус техникалық тұрғыда зақым алмаған, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Тергеу шаралары аяқталған соң көлік паркке жеткізілді.

Марқұм Александр Степанов «Алматыэлектротранс» ЖШС-де 2023 жылғы тамыз айынан бері еңбек еткен. Ол жұмысқа қабылдану кезінде де, қызмет барысында да диспансерлік есепте тұрмаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да