Тоқаевтың АҚШ-пен келіссөз бойынша өкілі тағайындалды

Президент Ержан Қазыханды АҚШ-пен келіссөздер бойынша өзінің өкілі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Қазыханға жаңа қызметтік міндет жүктелді.

Ол Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы президентінің өкілі ретінде жұмыс істейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да