Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Кездесу барысында президентке қорғаныс министрлігінің 2025 жылы атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді. Дәурен Қосанов армияның жауынгерлік әзірлігі, қарулы күштерді дамытудағы басым бағыттар, сонымен қатар цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие және қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру барысы туралы баяндады.
Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы да сөз болды.
Кездесу қорытындысында мемлекет басшысы армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
