
Қазақстан азаматтары 2026 жылы әлемнің бірнеше еліне визасыз бара алады. Barіbar.kz оқырманға арнап визасыз баруға болатын елдер тізімін жасады.
Визасыз режим үш түрге бөлінеді:
- Толық визасыз режим. Елге визасыз кіріп, белгілі бір уақытқа дейін (мысалы, 30, 60 немесе 90 күн) жүруге болады.
- Келгеде берілетін виза (Visa on Arrival). Алдын ала виза алмайсыз, бірақ елге кіріп, әуежайда немесе шекарада рәсімдейсіз.
- Электрон виза (e-Visa). Елге бармай тұрып, ғаламтор арқылы рәсімделетін виза түрі.
90 күн визасыз жүруге болатын елдер:
- Албания;
- Армения;
- Замбия;
- Колумбия;
- Молдова;
- Моңғолия;
- Намибия;
- Ресей (90 күнге дейін визасыз жүруге болады, бірақ 30 күннен кейін тіркелу туралы ескерту келеді);
- Тунис;
- Түркия;
- Украина.
60 күн визасыз жүруге болатын елдер:
- Доминикан Республикасы;
- Маврикий;
- Тайланд.
30 күн визасыз жүруге болатын елдер:
- Аргентина;
- Әзербайжан;
- Барбадос;
- БАӘ;
- Беларусь;
- Вьетнам;
- Индонезия;
- Қатар;
- Кук Аралы;
- Қырғызстан;
- Қытай;
- Малайзия;
- Мальдив аралдары;
- Марокко;
- Никарагуа;
- Өзбекстан;
- Оман;
- Оңтүстік Корея;
- Сербия;
- Сейшел аралдары;
- Тәжікстан;
- Филиппин;
- Черногория;
- Эквадор;
- Шри-Ланка.
14 күн визасыз жүруге болатын елдер:
- Иран;
- Макао.
Контекст
Естеріңізге салайық, енді Қазақстан азаматтарына Шенген виза алу жеңілдейді.
