Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Ақордада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Әзербайжан мен Қазақстан әнұрандары шырқалды.

Ақордада Тоқаев пен Әлиев алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысына да қатысады.

Айта кетері, Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен кеше келген. Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан өзі күтіп алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да