Ұлттық банк төрағасының мәлімдемесін ҚазтАГ хабарлады.
«Жалпы алғанда Ұлттық банктің 2015 жылы валюта нарығында валюта сату түріндегі интервенция көлемі 17,7 млрд АҚШ доллары болды», — деді Данияр Ақышев бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Ішкі валюталық нарықта теңге/долларо валюталық жұпта 2015 жылы операциялар көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 38,5% төмендеп, $62,4 млрд болды.