Ірі қара мал етін экспорттауға квоталар енгізіледі

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге ірі қара мал етін жеткізуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізіледі.

Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін күшінде болады.

Белгіленген тәртіп бойынша, ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі 20 мың тонна болады.

Квота мөлшері бір тұлғаға бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты төмендегідей көлемде айқындалады:

  • бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 бастан бастап — 1 000 тонна;

  • 10 000 бастан бастап — 2 000 тонна;

  • 15 000 бастан бастап — 3 000 тонна;

  • 20 000 бастан бастап — 4 000 тонна;

  • 50 000 бастан бастап — 10 000 тонна.

Аталған квота мал басын пайдалану арқылы ет өндіретін ет өңдеу кәсіпорындарына ірі қара мал етін экспорттауға беріледі.

Бұл шара ішкі нарықты тұрақтандырумен қатар, экспорттық әлеуетті тиімді реттеуге бағытталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да