Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов: Тоқаевтың стипендиясын кімдер алды?

Фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Ең жасы үлкен стипендиат аты аңызға айналған әнші, Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова болды. Ол жақында өзінің 96-шы туған күнін атап өткен болатын.

Ал ең кішісі — 31 жастағы опера әншісі Мария Мудряк.

Әдебиет пен мәдениет саласының дамуына үлес қосқан 76 азамат стипендия иегері атанды.

Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Алтыншаш Джаганова, Самал Еслямова және басқалары бар.

Мақалаға реакция