«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс жағдайына қатысты өзекті ақпарат жариялады.
Кейбір өңірлерде қозғалыс жанданса, бірқатар бағытта шектеулер сақталып отыр.
Қызылорда облысында «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362–1806-шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс толық ашылды.
Батыс Қазақстан облысында келесі автожол учаскелерінде қозғалыс жанданды:
-
«Атырау – Орал» автожолының 372–492-шақырымы (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін);
-
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автожолының 195–246-шақырымы (Сырым өткізу пунктінен Орал қаласындағы МАИ бекетіне дейін);
-
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273–393-шақырымы (Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін);
-
«Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолының 4–104-шақырымы (Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін).
Жылдамдық режимі шектелген учаскелер
Қарағанды облысында KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164-шақырым аралығында (Анар станциясынан Теміртау қаласына дейін) барлық көлік түрі үшін рұқсат етілген жылдамдық 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетілді.
Ақмола облысында KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 105–231-шақырым аралығында (Ақкөл қаласы – Щучинск қаласы) жылдамдық шегі 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін өзгертілді.
Жабық жолдар мен шектеулер
Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 195–246-шақырым аралығында (РФ шекарасы – ГАИ бекеті) жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Сонымен қатар тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында шектелді. Бұл шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс мезгілі аяқталғанша сақталады.
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағытта барлық көлік түрі үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды. Балама бағыттар ретінде Қалқаманнан Астанаға — «Қалқаман – Ақсу» (Береке) көлік айрығы, ал Павлодар қаласынан Қалқаманға — «Баянауыл» көлік айрығы арқылы қозғалу ұсынылады.
