Алматыда ұшақта 4 шетел азаматы төбелес шығарды

Алматыда әуе рейсінің бортында шетел азаматтары төбелес шығарды. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлап отыр.

Шетелдік төрт азамат «Алматы – Бәңкоң» бағытындағы әуе рейсінде төбелес шығарған.

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акті бойынша шетелдік төрт азаматты түсірді. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Өзара жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан, — дейді ведомство.

Әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да