Басты бет / Жаңалықтар /
қар, қыс, ауа райы
Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, аязды, жауын-шашынсыз ауа райымен келген антициклон Қазақстан аумағынан шығып барады. Оның орнына қуатты циклон жылжып келеді.

Ылғалды ауа массаларымен толығатын бұл циклон республика аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын алып келеді, – делінген хабарламада.

Жауын-шашынмен бірге циклон желдің күшеюін де тудырады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да күштірек болуы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook